Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Г.В. Сюрукпен Лисаков қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау нәтижелері туралы брифинг өтті

Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Г.В. Сюрукпен Лисаков қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау нәтижелері туралы брифинг өтті

Лисаков қалалық мәслихатының депутаттарын сайлауға 2 саяси партия қатысты:

«Nur Otan» партиясы

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы-16595 сайлаушылардың дауысы.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 1605 сайлаушылардың дауысы.

Қалалық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партияларды бекітті:

«Nur Otan» партиясы - 91, 18 %

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы - 8, 82%,

Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуін белгіледі:

«Nur Otan» партиясы-10 мандат

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-1 мандат.

Лисаков қаласының сайлау учаскелерінде дауыс беру күні саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің сенім білдірілген адамдары мен байқаушылары, атап айтқанда: «Nur Otan» партиясының сенім білдірілген адамдары мен байқаушылары, «АУЫЛ» халықтық – демократиялық патриоттық партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, Қазақстан Халық партиясының сенім білдірілген адамдары қатысты.

«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ҚБ байқаушылары, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігінің байқаушылары.

Сайлау учаскелерінде жұмыс істеген байқаушылар дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиялары тарапынан да, сайлаушылар тарапынан да бұзушылықтарды анықтаған жоқ.