Жұмыспен қамту бөлімінің жұмысы туралы брифинг

Жұмыспен қамту бөлімінің жұмысы туралы брифинг

Бүгін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.С. Жортымбаевамен, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Г.Ш. Полтарадинамен брифинг өтті.

Басшылар «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінің жұмысы туралы,                   2020 жылдың негізгі көрсеткіштері мен жұмыс қорытындылары туралы айтып берді.

Жұмыспен қамту және еңбек нарығы

2019 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны – 176 адам, 2020 жылдың 1 қаңтарына -163 адам.

2020 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында жұмысқа орналасуға 1604 адам өтініш білдірді, оның ішінде жұмыс іздеп жүрген 690 адам, жұмыссыз азаматтар – 424. (2019 год 1279/435/331).

1396 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетілді (2019ж – 1080), жұмысқа орналастыру деңгейі - 202% құрады.

2021 жылғы 1 қаңтарға ЕБА бойынша тіркелген жұмыссыздар саны (дербес есепке алу карточкасы) - 211 адам.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1%. Жұмыссыздық деңгейі (ресми статистикалық деректер) -5,0 %.

01.01.2020 ж. экономикалық белсенді халық саны - 23583 адам.

2020 жылдың 31 желтоқсанына Бос орындар банкі-137 бірлік.

Жоспар бойынша 729 (оның ішінде тұрақты-465) қаңтар - желтоқсанда - 778 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты – 465 (2019 жылы-529/331).

Қоғамдық жұмыстарға 192 жұмыссыз қатысты. Қатысушылардың жалақысы 1,5 ең төменгі жалақыны (63750 теңге) құрайды. Аталған іс-шараға қалалық бюджет қаражаты есебінен 2020 жылы 57 562,0 мың теңге бөлінді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға және үшінші бағыт шеңберінде 2020 жылы 90,1 млн.теңге немесе 100% игерілді, оның ішінде:

әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған Бағдарлама қатысушыларына еңбекақыны ішінара субсидиялауға - 5,2 млн. теңге, 30 жұмыссыз жіберілді;

жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын субсидиялауға - 5,6 млн. теңге, 20 адам жіберілді;

кәсіптік оқытуға (қысқа мерзімді курстар) 4,9 млн. теңге сомасында, 25 адам жіберілді

-жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде өтеусіз гранттар беруге - 6,9 млн, 13 грант берілді

-қоғамдық жұмыстарға жіберу-56,6 млн. теңге, саны 192 адам

-«Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына жұмысқа орналастыру -0,5 млн. теңге

-елдің еңбек күші артық өңірлерінен қоныс аудару- саны 20 адам 10,4 млн.теңге.

Ағымдағы жылы қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты тарту мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іске асырылуда.

ЖҚЖК аясында 28 нысанды жөндеу бойынша жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеге 17 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.

Анықтама: әлеуметтік салада-4 жоба, ТКШ саласында-15 жоба, инженерлік – көлік саласында-9 жоба.

2020 жылы жоспарланған жұмыс орындарының (615) санынан 628 немесе 102,1% құрылды. Олардың жалақысының орташа мөлшері кемінде екі ЕТЖ (85000 теңге) құрайды.

Жалпы ММ: 2924 көрсетілді, оның ішінде: ЖАО - 849, ХҚКО-1122, ЭҮП-937, проактивті-16 арқылы.

Барлық қаржыландыру көздерінен әлеуметтік көмек - 279,8 млн. теңге сомасында көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда 1,4% өсіммен (2019ж - 276,031 млн. тг), оның ішінде РБ - дан 42% өсіммен 148,9 млн. тг бөлінді (2019ж-104,8 млн. тг), оның ішінде:

Атаулы әлеуметтік көмек - 83 отбасына /328 алушыға, 205 балаға 20,9 млн.теңге төленді.

МӘЖ 4617,9 м. т. сомасына 85 балаға тағайындалды және төленді

Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарға қосымша 31,2 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, 1556 адам қамтылды.

Тұрғын үй көмегі 10054,0 м. т. сомасына 477 отбасын қамтыды (2019 жылы-849/16370 м.т.). Қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 07 сәуірдегі шешіміне сәйкес шығыстардың шекті жол берілетін деңгейі үлесінің 10% – дан 7% – ға дейін төмендеуіне байланысты, тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2 тоқсаннан бастап 1,8 есеге ұлғайды (1 тоқсанда-айына 2494 теңге, 2 тоқсанда-айына 4583 теңге).

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 873 алушыға 37026,6 мың теңге сомасында төленді, көмектің 10-нан астам түрі көрсетіледі.(2019 жыл жоспар 837-30828,0 м.т.).

2020 жылы мәслихат шешіміне енгізілген өзгерістерге сәйкес көмектің жаңа түрлері қамтылды:

-ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлері тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмекпен ай сайын 3 немесе 8334 теңге көлемінде 222 адам қамтылды\6,0 млн теңге;

-адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде (66300 теңге) 1 адам\199м.т көмекпен қамтылған

-туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға бір рет 15 айлық жалақыдан аспайтын мөлшерде (41670 теңге), 25 адм қамтылды \1039,7м.т.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер

Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтермен 122 адам қамтылған, оның ішінде қарттар - 107, мүгедектер – 8, мүгедек балалар - 5, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер – 2.

Үйде ҮЕҰ арқылы 24 адам.

Күндізгі болу бөлімшесінде жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді 13 мүгедек бала алады.

Мүгедектерді оңалту

1.01.2021 жылға Лисаков қаласының әкімшілік аумағында 1059 мүгедек тұрады, оның ішінде балалар - 96. Жеке оңалту бағдарламасы бар (ОЖБ) – 472.

Ағымдағы жылы оңалту іс-шараларын іске асыруға 27526,0 м.т бөлінді және 100% игерілді: оның ішінде РБ - дан (міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту және міндетті гигиеналық құралдар тізбесін кеңейту) 15911 м.т. сомасында (2019 жылы ЖБ-10544,2 м.т.,                  РБ-16611,0 м.т.)

Оңалту іс-шараларының келесі түрлері орындалды:

Оңалту емінен 37 адам өтті / 33 жолдама, 244 адам гигиеналық құралдармен, оның ішінде 35 бала, сурдоқұралмен 11 адам/14, тифло құралдармен 12 адам/ 22, протездік-ортопедиялық 94/154, кресло-арбалар 28 адам/ 32 арба, санаторий-курорттық емделумен 62 адам қамтамасыз етілді.

13 мүгедекке ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді. 13 жеке көмекшінің қызметі 19 мүгедекке көрсетілді.

МӘМС

Сақтандырылмаған азаматтар бойынша мәселе өзекті болып отыр. Жұмыс 2017 жылдан бері жүргізілуде. ММСҚ 1.09.2020 жылы ұсынған мәліметтерге сәйкес Лисаков қаласы бойынша 10626 немесе сақтандырылмаған азаматтардың 26,46%. Негізгі себеп – төлемдердің тұрақсыздығы. Жұмыс қорытындысы бойынша нәтиже бар, қала бойынша МӘМС жүйесіне тартылған халық саны 86,5% - ды құрады. 5387 азамат немесе 13,5% сақтандырылмаған күйінде қалып отыр. БАҚ-та бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі.

Көпбалалы отбасылар

20.12.2020 жылы 100 отбасы/ 634 адам/441 бала тұрады. 22,5 млн.теңге сомасында көмек көрсетілді, оның ішінде: бюджет қаражатынан – 69отбасы/194бала/ 16,5 млн. теңге, тартылған қаражат есебінен-100отбасы / 433 бала. 5 970,8 м. т.