«Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұсынады.
Ақпаратты Сіз «ҮЕҰ Деректер қорының» ақпараттық ресурсы (infonpo.gov.kz веб -порталы), пошта немесе қолма-қол қағаз немесе электрондық тасығыштар арқылы жолдай аласыз.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-порталы арқылы ұсыну үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның жақын жердегі бөлімшесінен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) тапсыру баламалы нұсқа болып қала береді.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол ілеспе хатпен мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген: ӘҚБтК 489-1 – бабы: 1 – тармақ-ескерту; 2-тармақ-қайталап бұзғаны үшін 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 3 (үш) ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіз 3-88-80 телефонына хабарласа аласыз.