
Мәжілістің қазіргі шақырылым депутаттарының өкілеттік мерзімі 2021 жылы наурызда аяқталады
«Парламент пен жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталады.
Алдағы сайлау Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын қамтамасыз ететін саяси институттардың дәйекті демократияландыру мен модернизациялауға деген берік ұстанымын тағы бір рет дәлелдейді», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде.
Бұған дейінгі Мәжіліске сайлаулар 20 наурызда, ал алғашқы сессия 2016 жылы 25 наурызда өтті. Конституцияға сәйкес, Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады және жаңа шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталумен аяқталады.
Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
2021 - сайлау 16 жылда тұңғыш рет мерзімінен бұрын емес, конституциялық мерзіміне сай, -қазіргі шақырылым депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын өтпекші.