Бізді ұмытпайтын жоба үшін рахмет

Бізді ұмытпайтын жоба үшін рахмет

25 қарашада ZOOM платформасында Челябинск қаласының өнер мектебінің директоры Василий Васильевич Юрченко Лисаков қаласының БММ педагогикалық ұжымымен кездесті. Бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рақмет саған, туған ел!» кіші жобасының аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ол мектепті құралдармен қалай жабдықтауға және оқу процесін қалай дұрыс қалыптастыруға болатыны туралы тәжірибесімен бөлісті. Өнер мектебіндегі қол жеткізген тәжірибелерімен алмасып, оқу процесінің ерекшеліктерін талқылады.

Василий Васильевич қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне жерлестерді ұмытпауға мүмкіндік беретін өңірлік жоба үшін алғысын білдірді