
17 шілде күні Орталық алаңда Металлургтер күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Қалалық мәдениет және спорт орталығының» шығармашылық ұжымдары ерекше тарту жасады. Олар өткен жылдардың ең танымал әндерінен тұратын, жүрекке жылылық сыйлайтын мерекелік ретро-бағдарлама ұсынды. Көрермендер сүйікті әуендеріне қосылып шырқап, ерекше көңіл-күйге бөленді!
Металлургия саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіпорынның және туған қаламыздың дамуына, өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Еңбектеріңіз жемісті, шаңырақтарыңыз берекелі болсын! Мереке құтты болсын, құрметті металлургтер!