Мемлекеттік органдардың тарихи оқиғалары бар электронды мұражайы сайтына қатысты

Мемлекеттік органдардың тарихи оқиғалары бар электронды мұражайы сайтына қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «ÝAQYT TASPASY» (www.qost-taspa.kz) Қостанай облысының мемлекеттік қызметінің электронды мұражайы сайтының жұмыс істейтіндігін хабарлайды.

Сайттың басты миссиясы – бірыңғай қолжетімді электрондық кеңістік, халыққа және мемлекетке тиімді қызмет ету мақсатында болашақ мемлекеттік қызметшілер үшін есте қаларлық оқиғаларды сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дәріптеу.

Онда жас мемлекеттік қызметшілер үшін үлгі болуға лайықты облыстың мемлекеттік органдарының бірінші басшылары туралы материалдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің түрлі салаларының даму процесін көрсететін бағыттар кешені жинақталған.

Сонымен қатар, сайт мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган интернет-ресурсының «бос жұмыс орындары» бөліміне тікелей сілтемемен өту мүмкіндігі қарастырылған.