Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі және заңдылықты қамтамасыз етудің, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттырудың, азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтудың маңызды шарты болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті болып табылады және қызметтік міндеттерді орындау барысында заңдылық, адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын қатаң ұстануды көздейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеуге, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын сақтауға ерекше назар аударылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды құрамдас бөлігінің бірі – мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру болып табылады.
Айта кету қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау – бұл тек белгіленген талаптарды орындау ғана емес, сонымен қатар әрбір қызметшінің мемлекеттік қызмет беделін арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға қосатын жеке үлесі.
Лисаков қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерді заңнама талаптарын сақтауға, адалдық, әділдік және қоғам мүддесіне қызмет ету қағидаттарын басшылыққа алуға шақырады.