
Темiр жол өткелi қауiптiлiгi жоғары аймақ болып табылады. Жүргізушілер жол белгілерінің, бағдаршам сигнализациясының, шлагбаумның және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауларының талаптарын сақтауға, сондай-ақ жақындап келе жатқан поездың жоқтығына көз жеткізуге міндетті.
Теміржол өтпелерінен өтудің негізгі ежелелері
Жүргiзушiлерге темiр жолдарды поезға жол бере отырып, тек арнайы жабдықталған темiр жол өткелдерi арқылы кесiп өтуге рұқсат етiледi.
Төмендегі жағдайлар болғанда өтпеге шығуға тыйым салынады:
Сондай-ақ, төмендегілерге тыйым салынады:
Тыйым салатын сигнал кезінде жүргізушінің әрекеті:
Егер өткел арқылы қозғалысқа тыйым салынса, жүргізуші тоқтау сызығының алдында, «Тоқта» белгісінің алдында немесе өткелге дейін қауіпсіз қашықтықта тоқтап, рұқсат беретін сигналды күтуге міндетті. Қозғалыс ашылғаннан кейін өткелден өтудің қауіпсіз екеніне қайта көз жеткізу қажет.
Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 607-бабына сәйкес:
20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда жауапкершілік күшейтіледі.
Есіңізде болсын
Пойыз бірден тоқтай алмайды. Оның тежелу жолы жылдамдығы мен құрамының салмағына байланысты жүздеген метрге, тіпті бір километрден де асуы мүмкін. Теміржол өткелінен өту ережелерін бұзу жүргізушілердің, жолаушылардың және теміржол қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіреді.
Теміржол өткелдерінен өту ережелерін сақтау — сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің кепілі.