Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 17 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 58 жағдайы тіркелді. Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 23 адам, Рудный қ. – 22, Жітіқара ауданында – 5, Қарабалық ауданында – 3, Денисов ауданында – 3, Алтынсарин ауданында – 1, Б. Майлин атындағы ауданда – 1.
38 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирустық инфекция расталған жағдаймен байланыста болғасын тексерілді, 5 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 5 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (жоспарлы түрде жатқызудың алдында) анықталды.

Індет жұқтырғандардың ішінде 38 адамда ауру белгілері болды, 20 адамда – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 17 қараша аралығында COVID-19-дың 4430 жағдайы тіркелді, 3382 адам емделіп шықты.