Лисаковск қаласында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық акция өтеді

Лисаковск қаласында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық акция өтеді

🌿 2026 жылғы 25 сәуірде Лисаков қаласында Жастар ресурстық орталығының еріктілері Лисаковск қаласының әкімдігімен бірлесіп, қалалық саябақта ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияға қатысады.
Іс-шара аумақты көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Бірлескен күш-жігердің арқасында саябақ тұрғындардың демалысы үшін одан да жайлы әрі жасыл орынға айналады.
Қала тұрғындарын бей-жай қалмай, акцияға белсенді қатысуға шақырамыз! Бірге біз Лисаков қаласын таза, жасыл және өмір сүруге жайлы ете аламыз. 🌱
Таза қала — бұл біздің ортақ жауапкершілігіміз!