«Отбасы-тіршілік тірегі» атты қалалық фестивалі

«Отбасы-тіршілік тірегі» атты қалалық фестивалі

Үстіміздегі жылдың 22 қазан күні Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Қалалық мәдениет және спорт орталығының салтанат залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отбасы-тіршілік тірегі» атты қалалық фестиваль өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты: қоғам, мемлекет, отбасы дәстүрлері мен өскелең ұрпақты әлеуметтік-мәдени нормаларға баулу. Халқымыздың тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі - отбасы құндылықтары сақтауға, рухани құндылықтарымыздың негізі отбасылық дәстүрімізге тәрбиелеу болып саналады.

Іс-шараның басында «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Нурия Исмагулова құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға 4 отбасы қатысты: Хавалхановтар отбасы, Қараевтар отбасы, Күнтуовтар отбасы, Дулатовтар отбасы. Іс-шара қонақтарына дәстүрлі және көпшілікке танымал емес, көшпелі қазақ халқының тарихынан тамыр тартқан қазақтың ұлттық тағамдарын, әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрін насихаттап, өз өнерлерін ұсынды. Қатысушылар ұлттық тағамдар: ет, қуырдақ, бауырсақ, шелпек, таба нан, сүзбе, майсөк және жент тағамдарын дайындап, оның жасалу жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар қазақ халқының әдеп-ғұрпымен салт-дәстүрлері:  тұсаукесер, бесікке салу, беташар және қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын көрсетіп, оның тәрбиелік мәні мен маңыздылығын айтып берді.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Айман Қадырханқызы Қадырханова қалалық фестиваль нәтижесін қорытындылап, қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, «Отбасы-қоғамның басты ұясы және мемлекеттің негізі» екенін атап өтті. Әр отбасыға, атап айтқанда Қараевтар отбасына «Өнерлі отбасы», Күнтуовтар отбасына «Парасатты отбасы», Хавалхановтар отбасына «Үлгілі отбасы», Дулатовтар отбасына «Бақытты отбасы» атақтары берілгенін айтса, «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Нурия Рахимжанқызы қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.