
Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Лисаков қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Шектыбаев әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен, қала кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің басшыларымен аппараттық кеңесте қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттігін еске салып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары туралы түсінік берді.
Бұдан басқа, inDrive сервисінде мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың көлік құралдарын пайдаланудың анықталған фактілеріне қатысты ақпарат жеткізілді. Осыған байланысты, қызметтік автокөлікті пайдалануды бақылауды күшейту тапсырылды.