«Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының бастамасымен 2025 жылдың үздік қызмет көрсетуші органды анықтау бойынша іс-шара өткізілді

«Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының бастамасымен 2025 жылдың үздік қызмет көрсетуші органды анықтау бойынша іс-шара өткізілді

«Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының бастамасымен келесі критерийлер бойынша 2025 жылдың үздік қызмет көрсетуші органды анықтау бойынша іс-шара өткізілді:       

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы - қызметтер көрсету сапасына келіп түскен шағымдардың саны; белгіленген рәсімдерді бұзу фактілерінің болуы (мерзімдерді сақтамау, артық құжаттарды талап ету, құжаттар топтамасы толық болмаған кезде қызметтер көрсету, ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалану, қызмет көрсету тәртібін бұзу, негізсіз бас тарту және т.б.).

         2) Көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар етуді ұйымдастыру - ақпараттық стендтердің және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының болуы және өзектілігі; көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы қолжетімді ақпаратты қамтамасыз ету; БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы халықпен жұмыс істеу; Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстардың болуы.

         Акцияның мақсаты-мемлекеттік қызмет көрсетудің сервисі мен сапасын арттыру, клиентке бағдарлануды дамыту және ұйымдардың жұмысында үздік тәжірибелерді енгізу.

         Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылы үздік қызмет көрсетуші органы «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ болып белгіленді.