Лисаков қаласы әкімінің аппаратында Ашық есік күні

Лисаков қаласы әкімінің аппаратында Ашық есік күні

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында қала әкімінің аппаратында № 6 жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушылары үшін "Ашық есік күні" өтті. Әкімдік ғимараты бойынша экскурсия өткізілді. Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.С. Туймаханова оқушыларға әкімдіктің құрылымы, мемлекеттік органдардың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Бұдан әрі әңгімені қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы Е.А. Павленко жалғастырды, ол балаларға мемлекеттік қызметшінің кім екендігі, Мемлекеттік қызметтің артықшылықтары, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру тәртібі туралы айтып берді. Ал "сыбайлас жемқорлық", "сыбайлас жемқорлық тәуекелдері" ұғымдарымен балаларды әкім аппаратының құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Д.С. Булгакова таныстырды.
Бұдан әрі оқушылар қала әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, қала этикасы жөніндегі уәкіл А.М. Шектыбаевпен кездесті, ол балаларға өз қызметінің бағыттары, Қала бюджеті неден қалыптасатыны, мемлекеттік қызметшілердің этикасы деген не және мемлекеттік қызметте қандай негізгі шектеулер бар екендігі туралы айтып берді.
Бұл іс – шараның басты оқиғасы — Лисаков қаласының әкімі А.С. Ибраевпен жеке танысу, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға, жергілікті билік органдарының жұмысы және қала өміріндегі жастардың рөлі туралы білуге мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер оқушыларға мемлекеттік аппараттың қалай жұмыс істейтінін және олардың әрқайсысы болашақта қандай маңызды рөл атқара алатынын жақсы түсінуге көмектеседі.