Лисаков қаласында 1 шағын ауданда Жоғарғы тобольская көшесінде ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған 3 аудан, Рудный, Жітіқара, Қостанай қалаларының тауар өндірушілері, сондай-ақ сатып алушыға өз өнімдерін ұсынған жергілікті тауар өндірушілер қатысты.
Жәрмеңкеде үлкен ассортиментте 30 – дан астам атаулы азық – түлік тауарлары сатылды: ет өнімдері барлығы – 2,36 тонна, оның ішінде жылқы еті – 0,280 тонна, сиыр еті – 0,6 тонна, шошқа еті – 1,4 тонна, қой еті 0,08 тонна; шұжық өнімдері – 0,6 тонна; сүт өнімі – 0,16 тонна; балық-0,2 тонна; жемістер мен көкөністер-1,3 тонна.
Өткізілген өнім көлемі 5,1 тоннаны құрады, жалпы сомасы 5,9 млн.теңгеден асады.
Келесі жәрмеңке 2020 жылдың 24 қазанында Жоғарғы тобольская көшесіндегі 1 шағын ауданда өтеді.