«WorldSkills Kostanay-2020» аймақтық чемпионаты

«WorldSkills Kostanay-2020» аймақтық чемпионаты

28-қыркүйек пен 1-қазан аралығында «WorldSkills Kostanay-2020» онлайн- аймақтық чемпионаты өтті. Лисаков техникалық колледжі «Дәнекерлеу технологиялары», «Графикалық дизайн» құзыреттіліктері бойынша екі алаңда жұмыс істеді. Біздің колледжден қатысқан екінші курс студенті Рыженкова Виктория «Графикалық дизайн»  құзыреттілігінде бағын сынаса, үшінші курстан  Шабалин Евгений «Дәнекерлеу технологиялары» номинациясында өз жұмысын ұсынды. Болашақ маман иелерін чемпионатқа шыңдаған ұстаздары- Хадиметов Шухрат Саидахметұлы, Қарақиян Сергей Сергеевич. Чемпионат қорытындысы бойынша студенттер мен ұстаздарына сертификаттар табыс етілді.