Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы

Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы

Ағымдағы жылдың 20 қазанында аппараттық кеңесте қала әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Шектыбаев Республика күніне арналған мерекелік демалыс күндері қарсаңында мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтау және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу қажеттігін еске салды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауды болдырмауға баса назар аударды.