Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

2020 жылы 9 қазанда Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста «Мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 380 «Лисаков қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды, аталған мәселе бойынша «Лисаков қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы С.Е. Ерофеева баяндама жасады. 2020-2022 жылдарға арналған 4 тоқсандағы Лисаков қаласының бюджетін нақтылау жоғары тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы трансферттердің мөлшерінің өзгеруімен,  басым мәселелерді шешу үшін үнемделген қаражаттардың,  резервтік қорлардың қайта бөлуіне байланысты. Кеңес мүшелері тиісті сұрақтарды қойды. Кеңес жұмысына қала әкімінің орынбасары А.Т.Сұлтанов қатысты.

Бөлім басшысы Н.Н. Патрикеева «Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзекті мәселелері туралы баяндады, оның ақпараты есепке алынды.

Сонымен қатар, «Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 172 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы», «Лисаков қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 406 «Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», «Мәслихаттың 2020  жылғы 19 тамыздағы № 426 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 3 нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды, олар бойынша қала Кеңесінің мұқият зерделеуі мен талқылауынан кейін тиісті ұсыныстар берілді.