Мерекелік бағдарлама Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраевтың құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде ол Октябрь кентінің және «КБКБ» кәсіпорнының 75 жылдық қос мерейтойының маңыздылығын атап өтті.
Осы күні кенттің дамуына және өркендеуіне елеулі үлес қосқан тұрғындарға ерекше назар аударылды – оларға құрмет грамоталары, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік көңіл-күйді жарқын концерттік бағдарлама толықтырды. Кештің шарықтау шегі – үлкен мерейтойлық торт болды. Ол – бірлік пен достықтың, ортақ тарихтың символына айналды және барлық қонақтармен тұрғындарға тамаша тосынсый болды.
Бұл мереке кентке деген мақтаныш пен қуаныш сезімдерін сыйлап, жүректерде жарқын әрі ұмытылмас естеліктер қалдырды. Іс-шараға Лисаков, Рудный, қалаларының, Бейімбет Майлин, Қамысты, Денисовка, Жітіқара аудандарынан келген шығармашылық ұжымдар қатысты. Олардың өнерлері мерекеге көрік беріп, көрермендерге үлкен қуаныш пен жағымды әсер сыйлады.
Іс-шара аясында спортшылар да жетістіктері үшін марапатталды.
Октябрь кентінің 75 жылдығына арналған мерекенің кешкі бөлімі «Туған күніңмен, менің туған кентім!» атты концерттік бағдарламамен басталды. Мерекелік кеш әсерлі театрландырылған қойылыммен ашылды, ол бірлік пен туған өлке үшін мақтаныш сезімін оятты. Сахнада Лисаков қаласы мен Октябрь кентінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
Кешке ерекше көңіл-күй сыйлаған — «ДиФокс» вокалды-аспаптық ансамблінің өнері болды. Олар көрермендерді қуат пен позитивке толтырды!
Кештің басты тосынсыйы — «Килиманджаро» тобының өнер көрсетуі болды. Олардың жарқын энергетикасы мен харизмасы сахнаны жарқыратты, кешті ұмытылмас оқиғаға айналдырды.
Мереке әсерлі отшашумен аяқталды, ол салтанатты шараның символдық нүктесіне айналып, көрермендерге қуаныш пен мол әсер сыйлады.