Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе?
Egov.kz порталы арқылы:
1.Egov.kz порталына кіріңіз;
2.Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;
3.Қызметті онлайн сұратыңыз;
4.Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;
5.Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
6.Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;
7.Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет
мәртебесімен таныс болыңыз;
8.Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз
Телеграм бот арқылы:
1.Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;
2.Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;
3.Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
4.Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;
5.Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;
6.Мекенжай мәліметтерін растаңыз;
7.Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;
8.Емхананы таңдаңыз;
9.Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;
10.Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты
бірден көрсетеді.
Емхана арқылы:
Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.
Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні
Қызмет нәтижесі:
Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.
Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.
Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.