Жасанды интеллект негізіндегі чат-бот азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Құқықтық ақпарат іздеуге енді көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, Adilet.zan.kz. сайтына кіріп, тек сұрағыңызды жазсаңыз болады, ал көмекші чат-бот барлық сұрағыңызға жауап береді.
Бұл азаматтардан келіп түсетін өтініштердің санын азайтады, тұрғындардың мәселелерін жылдам шешуге көмектеседі. Ұйымдармен байланысқа шықпай-ақ қажетті ақпаратты алуға ыңғайлы.
Осыған байланысты қоғамдық орындарда, облыс филиалдарының мекемелерінде бейнеролик көрсету арқылы халықты ақпараттандыруға қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.