Дина Куантаева бұл мемлекеттік наградаға Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 маусымдағы Жарлығына сәйкес ие болды.
Лисаковск қаласының әкімі Абай Ибраев алты баланың анасына лайықты марапатты табыстай отырып, «Күміс алқа» — бұл көп балалы ананың еңбегін мойындаудың белгісі ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің маңызды элементі» — екенін атап өтті. Сондай-ақ, Дина Жақсалыққызына ана махаббаты, қамқорлығы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді.