2025 жылғы 28 мамырда қалалық мәдениет және спорт орталығында Лисаков қаласының әкімі А. Ибраевтың қала тұрғындарымен кезектен тыс кездесуі өтті. Кездесу қала тұрғындарынан коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне байланысты келіп түскен ұжымдық өтініш негізінде ұйымдастырылды. Тікелей эфир қала әкімдігінің ресми Instagram парақшасында (@lisakov_akimdigi) көрсетілді.
Қала тұрғындарына коммуналдық қызметтерге тарифтерді белгілеу тәртібі бойынша, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты тарифтер туралы ақпарат жеткізілді.
Барлығы 29 сұрақ келіп түсті, оның 15-і бақылауға алынды, қалған сұрақтар бойынша ауызша түсініктемелер берілді.