
Жданов ауылдық округінің әкімі А.К. Жапанов ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді
2026 жылғы 17 тамызда сағат 11:00-де Жданов жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында Жданов ауылдық округінің әкімі А.К. Жапановтың ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу «Конституциядан күнделікті өмірге: ауылдық бастамалар және азаматтардың құқықтары» тақырыбына арналды.
Кездесу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру, ауылдық бастамаларды қолдау, сондай-ақ Жданов ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылдық округті дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Әкім тарапынан көтерілген мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.