«Заң және тәртіп»

«Заң және тәртіп»

Жданов ауылдық округінде «Заң және тәртіп» акциясы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Жданов ауылдық округінің әкімі Жапанов А.К. және учаскелік полиция инспекторы Есмағамбетов Е.К. бірлесіп ауылдық округ аумағында профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында тұрғындармен қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализмнің, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу, абаттандыру қағидаларын сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қоғамдық орындарға тексеру жүргізіліп, тәуекел тобындағы отбасылар мен кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Тұрғындарға әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Жданов ауылдық округінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.