
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, заң үстемдігіне және халықтың әл-ауқатына кері әсер ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады және оған мемлекеттік органдармен қатар әрбір азамат белсенді қатысуы қажет.
Жданов ауылдық округінің әкімі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдың негізі – ашықтық, адалдық және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі деп есептеймін. Біздің басты міндетіміз – қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің барша азаматтарға тең дәрежеде қолжетімді болуына жағдай жасау және заңдылық пен әділдік қағидаттарын сақтау.
Ауылдық округте халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауына, азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауға, әкімдік қызметінің ашықтығына және мүдделер қақтығысына жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Әрбір тұрғын сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ең алдымен жеке ұстанымнан басталатынын түсінуі қажет. Заңсыз сыйақыдан бас тарту, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау және адалдық қағидаттарын қолдау арқылы біз әділетті қоғам қалыптастыруға үлес қосамыз.
Тек мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана заң үстемдігіне негізделген, әділ әрі ашық қоғам құра аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың азаматтық парызы.
Жапанов Асқар Кидербайұлы
Жданов ауылдық округінің әкімі