
«Таза аула – жайлы өмір» үздік үй маңындағы аумақ
байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
«Таза аула-жайлы өмір» байқауы Қостанай ауданы тұрғындары арасында аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру, жайлылық деңгейін арттыру және тұрғындарды өз аулаларын дамытуға тарту мақсатында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы Қостанай ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ.
Аула аумақтарын абаттандыруға ұқыпты әрі шығармашылық көзқарасты насихаттау, тұрғындардың көгалдандыру, жақсарту және аула кеңістіктерін күтіп ұстау жөніндегі бастамаларын қолдау. Байқау өмір сүруге қолайлы, қауіпсіз және эстетикалық тартымды орта қалыптастыруға, тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға және тұрғындардың қоршаған аумақтың жай-күйіне жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Өз күштерімен жайлы, абаттандырылған және тартымды аула аумақтарын қалыптастырып жүрген белсенді әрі жанашыр тұрғындар. Егер сіздің аулаңыз қоршаған ортаға ұқыпты қараудың, шығармашылық көзқарастың және тұрғындардың бірлескен еңбегінің үлгісі болса, сізді байқауға қатысуға және еңбегіңіздің нәтижелерімен бөлісуге шақырамыз.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында жүзеге асырылады. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау конкурстық комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін өткізіледі.
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы қажет:
Бейнероликке қойылатын талаптар:
Ұсынылған фото және бейнематериалдар өтінім берілген кездегі аула аумағының нақты жағдайын көрсетуі тиіс.
Өтінімдер 2026 жылғы 10 шілдеге дейін mrckostray@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.
Байқау материалдарын бағалауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды.
Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастырушылар ұсынылған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде байқауды жариялау мақсатында пайдалануға құқылы.