Қазақстан көмір өндіру көлемін ұлғайтып, жарты триллион теңге инвестиция тартпақ

Қазақстан көмір өндіру көлемін ұлғайтып, жарты триллион теңге инвестиция тартпақ
Қазақстанның көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаруды жалғастыруда. Сала ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті дамыту арқылы көмір өндіру көлемінің тұрақты өсімін көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі 115 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Оның ішінде 85 млн тонна көмір ішкі тұтыну мен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге бағытталса, экспорт көлемі 30 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.