Жданов ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл

Жданов ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл

«Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мамандарымен және Жданов ауылдық округінің полиция учаскелік инспекторы, полиция майоры Есмағамбетов Е.К.-мен бірлесіп жастар көп жиналатын орындарда (дүкендер, көшелер, мектеп) психоактивті заттардың, оның ішінде азот тотығы («күлдіргіш газ») заңсыз айналымы мен медициналық емес қолданылуын анықтау және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар мен мониторинг жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрғындар мен жастар арасында психоактивті заттарды қолданудың зияны туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған заттарды заңсыз айналымға жіберу және пайдалану үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Осы бағыттағы жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастардың денсаулығын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде жалғасатын болады.