
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Ждановка ауылында Ұлы Отан соғысы obелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ждановка жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алуға арналған тағылымды шараға белсене қатысты.
Іс-шара ерекше құрмет пен тағзымға толы жағдайда өтті. Оқушылар гүлдер мен гүл шоқтарын қойып, майдан даласында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Обелиск жанында ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Жеңіске үлес қосқан жандарға алғыс сөздер айтылды. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, тарихты құрметтеуге және ата-баба ерлігін ұмытпауға үндейді.
Ескерткішке қойылған әрбір гүл — батырларға деген мәңгілік тағзым мен құрметтің белгісі. Осындай маңызды шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің қадірін терең түсінуге жол ашады.