Алкогольсіз ауыл — жарқын болашақ кепілі

Алкогольсіз ауыл — жарқын болашақ кепілі

Алкогольсіз ауыл — жарқын болашақ кепілі

Жданов ауылдық округінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және алкоголь өнімдерінен бас тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. «Алкогольсіз ауыл» бастамасы қоғамдық тәртіпті нығайтуға, тұрғындардың денсаулығын сақтауға және қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған.

Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі әкім Ибраев М.О.-ның атынан және Жданов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Есмағамбетов Е.К. бірлесіп, халық арасында түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Аталған іс-шаралар барысында тұрғындармен алкогольдің зияны, оның адам денсаулығына, отбасы құндылықтарына және қоғамдық қауіпсіздікке кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.

Тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі түсіндіріледі. Азаматтардың белсенді қатысуы ауылдағы құқық бұзушылықтардың азаюына және жалпы әл-ауқаттың артуына ықпал етеді.

«Алкогольсіз ауыл» бастамасы — қауіпсіз, дені сау әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастырудағы маңызды қадам.