
Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы аясында Жданов ауылдық округінде аумақты абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға қоғамдық жұмысшылар белсене қатысып, округтің санитарлық жағдайын жақсартуға зор үлес қосты.
Акция барысында көшелер, аулалар және қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан, құрғақ жапырақтар мен бұтақтардан тазартылды. Сонымен қатар ағаштарды әктеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Бұл ағаштарды зиянкестерден қорғап, қолайсыз ауа райының әсерін азайтады әрі елді мекеннің көркін жақсартады.
Қоғамдық жұмысшылар жоғары жауапкершілік пен белсенділік танытты. Олардың бірлескен еңбегінің арқасында ауылдық округтің аумағы таза әрі көрікті бола түсті.
Осындай шараларды өткізу тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.