
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жданов ауылдық округі әкім аппаратының ұжымы, БПФ «Жас Қанат» қызметкерлері, Жданов орта мектебі мен Киров бастауыш мектебінің мұғалімдері мен оқушылары сенбілікке белсене қатысты.
Іс-шара барысында ауыл көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, жиналған жапырақтар мен қоқыс шығарылды. Жалпы көлемі 25 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға тасымалданды.
Осындай ортақ еңбектің нәтижесінде ауыл аумағы тазарып, көркейе түсті. Бұл бастама тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, туған жерді абаттандыруға қосылған маңызды үлес болды.