Халықтың діни сауаттылығын арттыру және рухани дамудың өзекті мәселелерін талқылау.

Халықтың діни сауаттылығын арттыру және рухани дамудың өзекті мәселелерін талқылау.

Ауылдық округте жергілікті тұрғындардың теологпен кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру және рухани даму мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында теолог дәстүрлі діндердің негіздері, мәдени және рухани құндылықтарды сақтау маңыздылығы туралы айтып, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану қажеттігін түсіндірді. Ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Сондай-ақ жастар тәрбиесі, отбасы құндылықтарын нығайту және қазіргі қоғамдағы діннің рөліне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар мұндай кездесулердің қоғамда дұрыс діни түсінік қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар теологқа алғысын білдіріп, осындай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.