«Таза Қазақстан» 2026 жылғы 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында Жданов ауылдық округі аумағында барлық меншік нысандарына қарасты іргелес аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша бір айлық жарияланады.

«Таза Қазақстан» 2026 жылғы 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында Жданов ауылдық округі аумағында барлық меншік нысандарына қарасты іргелес аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша бір айлық жарияланады.

Құрметті тұрғындар!

Елді мекеннің абаттандырылуы мен санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2026 жылғы 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында Жданов ауылдық округі аумағында барлық меншік нысандарына тиесілі іргелес аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша бір айлық жарияланады.
Барлық меншік нысанындағы кәсіпкерлерді, сондай-ақ жеке секторда тұратын азаматтарды іргелес аумақтарды қоқыстан тазалауға, жөндеу және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ тұрғын үйлерді, қоршаулар мен шарбақтарды косметикалық жөндеуден өткізіп, сырлауға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандары мен жасыл желектерді бүлдіру ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады: – жеке тұлғаларға — 20 АЕК мөлшерінде; – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 30 АЕК мөлшерінде.

Бір айлық қорытындысы бойынша іргелес аумақтардың жағдайын тексеру мақсатында рейд жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылады.