ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

Республикалық экологиялық Таза Қазақстан акциясы аясында Жданов ауылдық округінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық жұмысшылар күн сайын көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту жұмыстарын атқаруда.

Құрметті тұрғындар!
Тазалықты бірге сақтайық: әркім өз ауласын таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарасын.

Тазалық – әрқайсымыздан басталады! 🌿

Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 505-бабына сәйкес, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.