
«Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 11-сынып оқушыларының «Ашық есік күні» акциясы аясындағы экскурсиялық сапары
«Ашық есік күні» акциясы аясында 11-сынып оқушылары үшін мемлекеттік мекеме – «Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппаратына» экскурсиялық сапар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларын мемлекеттік органдардың қызметімен таныстыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтарын арттырып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт беру болды.
Экскурсия барысында оқушыларға мемлекеттік мекеменің құрылымы мен негізгі қызмет бағыттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен атқаратын жұмыстары туралы айтылды. Мекеме қызметкерлері мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қойылатын талаптар мен кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты түсіндіріп өтті.
Оқушылар қызметкерлердің жұмыс кабинеттерімен танысып, жұмыс процесінің қалай ұйымдастырылатыны туралы мәлімет алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар білім алудың маңыздылығы, мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде өткізілетін конкурстық рәсімдер және мемлекеттік қызметке жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың мемлекеттік органдардың қызметі туралы түсінігін кеңейтіп, олардың дүниетанымын арттыруға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал ететінін атап өтті.