Премьер-министр экономиканың негізгі салаларында өсу қарқынын арттыра түсу керектігін және халықтың табысын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды

Премьер-министр экономиканың негізгі салаларында өсу қарқынын арттыра түсу керектігін және халықтың табысын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Жиында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі Мәди Такиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндама жасады. Сондай-ақ Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.