Қостанай облысы бойынша бала туу жасындағы әйелдердің саны – 176 306. Бүгінгі таңда облыста жүктілік бойынша 4 146 әйел есепте тұр. Олардың ішінде жоғары қауіп тобына кіретіндері – 3 703. Биыл жүктілікті жоспарлап отырғандар – 9 207, олардың ішінде прегравидарлық дайындықтан өткендері – 2 839, бұл – 30,8%-ды құрайды.
– Әйелдер консультациялары болашақ аналардың денсаулығын сақтауда, ана мен баланың амандығын қамтамасыз етуде, сондай-ақ демографиялық міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан бұл жұмыс өзекті әрі қажетті, – деді Қостанай облысы әкімдігінің «Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Жанна ҚОЗЫБАЕВА.
2022–2025 жылдар аралығында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 732 отбасылық жұп тексеруден өтіп, ЭКҰ бағдарламасына жолданды. Осы жылдың 1 жартыжылдығына 140 квота бөлініп, ол 100% игерілді. 2 жартыжылдыққа қосымша 133 квота бөлінді.