Рейдтік іс-шаралар аясында 1658 тұрғын үй қамтылып, 6 мыңнан астам адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 6209 жадынама таратылды.
– 160 білім беру ұйымында (балабақшалар, мектептер, лагерьлер) 123 сабақ өткізіліп, 9 мыңға жуық бала қамтылды. Облыстағы 12 балаларды сауықтыру лагерінің барлығында Оқу-терезе үлгісіндегі көрнекі құралды пайдалана отырып, ТЖ департаментінің үгіт тобы ауқымды акциялар мен оқыту семинарларын ұйымдастырды. Бұл шаралар 2,2 мыңнан астам баланы қамтыды, – дейді Қостанай облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Марат НҰРҒАЛИЕВ.
2025 жылы Қостанай облысында балалардың терезеден құлауына қатысты 5 жағдай тіркелген.