Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ішкі бақылауды іске асыру мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі Заречный ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды

Талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін факторларды анықтау мақсатында әкімшілік рәсімдерді, ішкі процестерді, құқықтық актілерді, сондай-ақ өкілеттіктерді орындау практикасын қоса алғанда, қызмет бағыттары бойынша жүргізіледі.

Талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі оларды жою жөнінде тиісті ұсыныстармен қалыптастырылатын болады.

Заречный ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты ұсыныстар мен ескертулер беруге мүдделі тараптарды, оның ішінде жұртшылық өкілдерін және өзге де қатысушыларды шақырамыз

Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 01-31 қаңтар.

Электрондық мекенжай / телефон: akimat.10@mail.kz