Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.
Шағын құрамдағы кездесуге Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Отырыс Еуразиялық экономикалық одақтың 2026 жылға арналған басым міндеттері мен негізгі бағыттарын қарауға арналды.
Бұдан басқа, қатысушылар ЕАЭО-ның ағымдағы қызметіне байланысты бірқатар практикалық мәселелер бойынша пікір алмасты.