Aqyltech және IT-Aiel жобалары: қазақстандықтарды цифрлық дағдылар мен ЖИ жаппай оқыту басталды

Aqyltech және IT-Aiel жобалары: қазақстандықтарды цифрлық дағдылар мен ЖИ жаппай оқыту басталды
2025 жылғы 10 маусымда АqylTech/ІТ-Aiel онлайн оқыту бағдарламаларына жастар мен әйелдерді тіркеу басталды. Жобалар қазақстандықтардың қаржылық және цифрлық құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ отбасылық экономикада жасанды интеллектті қолдану бойынша оқытуға бағытталған. Бағдарламалар туралы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, TechnoWomen КЕҰ басқарма төрағасы Азиза Шужеева ОКҚ алаңында айтып берді.