Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысады

Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысады

Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысады

12 000 үй шаруашылығы арасында жүргізілген қоғамдық пікірді іріктемелі зерттеу нәтижесі бойынша, 2026 жылы үш жастан асқан Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысады.

Оның ішінде 19,2% бос уақытында өз бетінше жаттығады, 28,1% білім беру ұйымдарында өткізілетін спорттық сабақтарға қатысады, ал сауалнамаға қатысқандардың 0,4% спортпен кәсіби түрде айналысады.

2025 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 1,2 пайыздық тармаққа артып, 46,5%-дан 47,7% жетті.

Қала тұрғындары арасында дене шынықтырумен және спортпен айналысу деңгейі біршама жоғары - 49,3% (2025 жылы – 48,4%), ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 45,0%-ды құрады (2025 жылы – 43,5%).

Толығырақ оқу (https://stat.gov.kz/news/aza-stan-khal-yny-47-7-dene-shyny-tyrumen-zh-ne-sportpen-aynalysady/)