Құрметті Қостанай ауданының тұрғындары!

2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін жыл сайынғы «Мерейлі отбасы - 2024» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау ашылды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 өзгерістермен) сәйкес өткізіледі.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша аудандық комиссияға қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Қабылдаудың соңғы күні 2025 жылғы 14 маусым.
Барлық сұрақтар бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-ге мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Школьная көшесі, 40, тел/факс 2-15-97, e-mail: kost-raion-ovp@mail.kz.
Белсенді қатысуды сұраймыз. Сіздің отбасыңыз жеңімпаз бола алады!

 

28 мамыр 2025

 
Қазақстанда балалардың құқықтық жағынан қорғалуы 90%-ға жетті — Балалар әл-ауқаты индексінің аралық қорытындылары

28 мамыр 2025

 
#БалаларҮні республикалық челленджі басталды

27 мамыр 2025

 
Халықты ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбыры салынып жатыр

27 мамыр 2025

 
Мемлекеттік кеңесші Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

26 мамыр 2025

 
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы санағы: сауалнамаларда қандай сұрақтар болады