Қасым-Жомарт Тоқаев: "тарихты жанжал құралына айналдыруға болмайды"

Қасым-Жомарт Тоқаев: "тарихты жанжал құралына айналдыруға болмайды"

Тарих халықтарды байланыстыратын алтын көпір ретінде әділ және қауіпсіз әлемдік тәртіпті құруға ықпал етуі керек.

Ол үшін біз күш біріктіріп, ортақ мүдделер үшін бірлесіп әрекет етуіміз керек.

Бұл мәселеде ғылыми қоғамдастық ерекше рөл атқаратыны анық. Бүгінгі кездесуде айтылатын идеялар мен сындарлы ұсыныстар жаңа ғылыми еңбектердің, халықаралық жобалар мен экспедициялардың негізі болатынына күмән жоқ.

Біз бұл симпозиумды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отырмыз.

Болашақта да сіз осы маңызды жұмысқа үлкен үлес қоса бересіз деп ойлаймын. Баршаңызға тағы да зор алғысымды білдіремін.

Шынында да, бүгінгі симпозиумның тарихи маңызы ерекше. Осы маңызды кездесудің қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданады.

Бұл құжат Алтын Орданың тарихы мен мұрасын зерттеуге жаңа серпін беретініне сенімдімін".