Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті
Бүгінде Қазақстан автомобиль жолдарын салу мен жөндеуге қажетті жол битумына деген ішкі сұранысты толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Бұған Caspi Bitum зауытының қуатын кеңейту жобасын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді – мұнай өңдеу көлемі жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде жол битумын өндіру көлемі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін артты. Жоба Энергетика министрлігі жүзеге асырып жатқан мұнай өңдеу саласын дамытудың тұжырымдамасы аясында орындалған алғашқы іс-шара болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.