
Халықаралық турнирге 10 елден 269 дзюдошы (180 ұл, 89 қыз) қатысты.
Маңғыстау облысының спортшысы Ғабит Расулхан турнирдің бірінші күні 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Аймақтық дзюдо федерациясы кадеттерге арналған Еуропа Кубогы жасөспірімдер арасындағы маңызды халықаралық турнирлердің бірі екенін атап өтті. Бұл жарыстарда спортшылар тәжірибе жинақтап, әлемдік аренада өз күштерін сынайды.