Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Қостанай ауданында су тасқыны кезеңіне кешенді дайындық жүргізілуде

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Қостанай ауданында су тасқыны кезеңіне кешенді дайындық жүргізілуде

Елді мекендерді су басу қаупін азайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инженерлік іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Жұмыстар аясында жағалауды нығайту, елді мекендерден қар шығару шаралары атқарылды, сондай-ақ Тобыл өзенінде мұзды жару жұмыстары жүргізіліп, мұз кептелісі мен су басу қаупі төмендетілді. Гидротехникалық құрылыстарға жүргізілген тексеру нәтижесінде барлық нысандардың қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды.

Ауа райы жағдайларын және топырақтың қату тереңдігінің артуын ескере отырып, су бұру арналары мен су өткізу құрылыстарын тазарту, қажетті материалдарды дайындау және азаматтық қорғау күштерін әзірлікке келтіру жұмыстары күшейтілді. Жағдай тұрақты бақылауда, барлық жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.